Қостанай облысындағы оңалту орталығында 900 бала ем-дом қабылдайды
Қостанай облысында жаңадан ашылған оңалту орталығында соңғы 5 айда 300-ге жуық бала ем алды. Бұрын Президент резиденциясы болған ғимарат мемлекет басшысының тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі балалардың игілігіне берілген еді. Бүгінде әлеуметтік нысанға ауыл-аймақтан да келіп, ем алып жатқандар бар.
Дәурен мен Альбинаның егіз қыздары, Ясина мен Ясминаға осыдан екі ай бұрын ғана
аутизм дигнозы қойылыпты. Бүлдіршіндердің жасы 3-ке толса да, сөйлемейді,
есіміне елең етіп қарамайды. Олар емді
осы орталықтан бастаған. Мұнда балалармен дефектолог, логопед сынды
білікті мамандар үзбей бір ай көлемінде жұмыс істейді.
Альбина Исламова,
анасы:
Біз жаңа ғана бастап жатырмыз бүкіл емді. Өзіміз басында мұндай диагнозды қабылдай алмадық. Ашылғанын көрдік 25 желтоқсан күні. Сосын әлеуметтік қорғау басқармасына барып, анықтама алдық. Сонымен бірінші рет кеп тұрмыз. Өте жақсы. Бізге ұнап жатыр. Орын болса, тағы келеміз деп ойлап жатырмыз.
Ал 11 жастағы Әміре осы орталыққа келген соң алғаш тік тұрып, жүре бастаған.
«Атлант» деп аталатын арнайы костюм баланың тұла бойын тіктеп, демеп тұрады.
Мұндай жабдық өңірде тек осы орталықта бар. Бұл Әміре сынды туа бітті сал
ауруына шалдыққан, тірек-қимыл бұзылысы бар балалардың жүріп кетуіне сеп.
Жайнагүл Бажекей,
анасы:
Екінші рет келіп тұрмыз осында. Баламда қазір кішкене өзгеріс бар. Жүруге тырысады. Маған өзіме ұнайды. Осы орталықтың ашылғанына мен өзім қуаныштымын. Бассейн бар. Балам суды жақсы көреді. Күзге қарай тағы бір келеміз деп ойлаймын.
Барлығы 7 корпустан тұратын нысан 60 балаға шақталып жасалған. Алыс ауданнан
келгендер осы жерде 21 күн тұрақтап, ем-дом алады. Ал жылына орталық 900 баланы
қабылдауға қауқарлы. Мұнда механо, эрготерапия, емдік дене жаттығу кабинеттері
сынды процедураның бірнеше түрі бар. Тіпті бассейн, тұз, шунгит бөлемелері де
арнайы жабдықталған.
Айнұр Жүсіпбек,
облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
бөлімінің бас маманы:
Дәрігерлер тарапынан анықтамасы бар, оңалту бағдарламасы әзірленген балалар келіп, ем алуларына болады. Облыс бойынша 1300-ден астам балаға осындай ұсыныс әзірленген. Соның қазіргі таңда 282 баласы іс-шарамен қамтылды.
Жалпы облыста 4000 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі бала бар. Соның мыңнан
астамына тұрақты реабилитация қажет. Өңірдегі балаларға арналған осы жалғыз
орталық сол қажеттілікті жауып отыр. Тіпті бір бала жылына бірнеше рет келіп,
ем алуға мүмкіндік бар.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жеңіске деген рух – қазақ спортшыларының басты артықшылығы
29.05.2026, 17:38
Астанада «Балаларға бақыт сыйлайық» қайырымдылық концерті өтті
29.05.2026, 17:35
Абай облысындағы әлеуметтік осал санаттағы балалар демалысын мемлекет көтереді
29.05.2026, 17:33
Қызылжарда «Robobalapan 2026» байқауы өтті
29.05.2026, 17:30
БҚО-да «Өрт – 2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті
29.05.2026, 17:27
Люксембург Қазақстанмен ЖИ бойынша серіктесуге мүдделі
29.05.2026, 17:25
Ai-Sana: Білім жүйесіне озық тәжірибе енгізілуде
29.05.2026, 17:22
Жамбыл облысындағы «Еурохим – Қаратау» жобасы келесі жылы аяқталады
29.05.2026, 17:20