Қазақстан – Ресей: Білім бағытында әріптестік кеңейеді
Қазақстан мен Ресей арасында білім және ғылым бағытындағы әріптестік алдағы жылдары нығая түседі. Астанада өткен халықаралық конференцияда Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры осылай деді. Екі елдің жоғары оқу орындары өзара ықпалдастықты кеңейтпек. Мәселен, Мәскеуде жуырда ашылатын жаңа филиалда 100 қазақстандық студент оқиды. Кейін тағы бірнеше кампус салып, 1600 білім алушыны қабылдаймыз, дейді ректор. Форумда осы жоспарды іске асыру жайы талқыланады. Жиынға Ресеймен қатар, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка, Индонезия, Вьетнам, Малайзия мен Таиландтан профессорлар келді.
Анатолий Торкунов, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының
ректоры:
Қазақстан кейінгі жылдары ғылым және білім жағынан қарқынды дамып келеді. Сондықтан біз үшін, әрине, тәжірибе алмасу маңызды. Қазақстанда білім алып жатқан ресейлік студенттер көп. Біз де өз тарапымыздан Ресейдегі қазақстандық студенттердің сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасауға мүдделіміз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10