Қазақтың ұлттық тағамдары халықаралық деңгейде дәріптелді
Жамбыл облысында қазақтың ұлттық тағамдары халықаралық деңгейде дәріптелді. №9 Меркі колледжінде жұмысшы мамандықтарды насихаттау аясында алғаш рет «Дәм мен Дәстүр» байқауы өтті. Сайысқа еліміздің бес өңірінен бөлек Қырғызстан мен Өзбекстаннан 19 студент қатысты. Олардың барлығы кәсіптік бағытта білім беретін жоғары және орта оқу орнында аспаз-технолог мамандығында оқиды. Қатысушылар байқау шарты бойынша алдымен ет асу, көмбе нан пісіру және дәнді-дақылдардан түрлі тағам жасау бойынша сынға түсті. Ал қазылар алқасы ет асу кезінде қазанға құйылатын су мөлшерінен бастап, қамырдың қалыңдығы мен оттың қызуына дейін жіті қадағалады. Сондай-ақ сайыс сарапшылары асылған етті қонаққа тарту мәдениетіне де мән берді.
Айкерім Нұржанқызы, студент:
Үлкен сыйлы адамдарға бас береді және күйеу балаларға төс береді. Сосын құда, құдағиларға құйырақ май атады, жамбас береді. Жастар біле бермейді, соны мынау байқау бізге үйретіп жатыр.Эмир Тіленбаев, студент:
Мысалы Қазақстанда істеп қалсақ, Қырғызстанда істеп қалсақ ең белгілі мейрамханада, қонақ үйде істеп қалсақ біз бірден істеп кетеміз. Сол жағынан ең пайдалы болады. Негізі өзім мұндай жарыстарға бірінші жолы келіп отырмын. Қырғызстанда да болып тұрса жақсы болады қазақтарды + Түркістанды, мысалы Өзбекстанды шақырып.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12