Алатау ауданында алғаш рет заманауи кинотеатр ашылды
Алматының Алатау ауданында алғаш рет заманауи кинотеатр ашылды. Alatau Plaza сауда ойын-сауық орталығында орналасқан Kinoplexx 12 кинотеатрының ашылуы «Папасының қызы» фильмінің премьерасымен басталды. Отбасы құндылығын арқау еткен картинада әкенің қызы үшін жасаған ерекше сапары баяндалады
12 залдан тұратын жаңа киноорталыққа бір мезетте 900-ге жуық көрермен сыяды. Мұнда заманауи дыбыс жүйесі мен сапалы кескін технологиялары орнатылған. Сондай-ақ келушілерге арнайы жеңілдіктер мен бонустық ұсыныстар қарастырылған. Ашылусалтанатынаөнержұлдыздары мен қалатұрғындарықатысты.
Әбдрашид Рахметов, «Kinoplexx» кинотеатрлар желісінің құрылтайшысы:
Мұнда бірінші 12 зал. 12 залда репертуар өте кең, көп кинолар көрсетіледі. Және бұл кинотетардың артықшылығы орталықтағы кинотеатрлардан кем емес. Орындықтар комфорт кластағы бірдей орындықтар.«Папасының қызы» - әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты арқау еткен отбасылық фильм. Картинада қызының арманын орындауға тырысқан жалғызбасты әкенің оқиғасы баяндалады. Шытырман сәттер мен әсерлі көріністерге толы туынды көрерменге жанұя жылуы мен ата-ана мейірімінің маңызын жеткізеді.
Дәурен Серғазин, актер:
Қарапайым баланың арасындағы қарым-қатынас, сөйлесу, сырласу ішкі жан дүниесіне үңілу, армандарын білу осындай қарапайым нәрселерді ұмытып кете береміз да. Әкенің балаға беретін махаббатын, тәрбиесін, жылуын ешқандай мектеп, қоғам, ешқандай достары бере алмайды.Фильм бүгіннен бастап еліміздегі барлық кинотеатрында көрсетіледі. Ал Alatau Plaza орталығы өткен жылдың желтоқсан айында ашылған болатын. Мұнда түрлі дүкендер, ойын алаңдары мен заманауи фудкорт жұмыс істейді. Кешен отбасылық демалысқа арналған жаңа орындардың біріне айналып келеді.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Брюссельде шетелдіктер қазақ тілін үйреніп жүр
30.05.2026, 20:21
«ПСЖ» - «Арсенал» матчы «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі
30.05.2026, 20:19
Қазақстандық спортшылар джиу-джитсудан Әлем чемпионы атанды
30.05.2026, 20:18
«Ақтөбе-тарының астанасы!» атты гастрономиялық фестиваль өтті
30.05.2026, 20:17
«Достық үйінің» іргетасы қаланды
30.05.2026, 20:16
Ұлттық музейдің желдету және ауа баптау жүйесі жаңартылды
30.05.2026, 20:15
«Заң керуені» жобасы ауылдарда жалғасын тапты
30.05.2026, 20:13
Реновация мен урбанистика саласындағы өңірдің тәжірибесі таныстырылды
30.05.2026, 20:12