Челябі университетінің филиалында 2 мыңнан астам студент білім алады
Қостанайдағы Челябі университетінің филиалында 2 мыңнан астам студент білім алады. Олардың басым бөлігі — қазақстандық жастар. Ширек ғасыр ішінде оқу орнын 13 мыңнан астам түлек тәмамдаған, олардың 90 пайызы қазір Қазақстанда еңбек етіп жүр. Жақында Ресеймен осы оқу орнын дамыту жөнінде үкіметаралық келісім жасалды. Бұл құжат қос елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек. Биыл мұнда инженерлік және ІТ бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламалары енгізілмек. Жалпы облыста шетелдік білім беру ұйымдарымен 78 халықаралық байланыс болса, соның 60-қа жуығы көрші мемлекетпен жасасқан келісім.
Наталья Нализко, Қостанайдағы Челму филиалының директоры:
Біз үшін Қазақстанның білім беру саласының бір бөлшегі болу, осында жұмыс істеу үлкен абырой, зор құрмет. Студенттер мен оқытушылар «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға белсенді түрде атсалысады. Біз тек білім ғана беріп қоймаймыз, отаншылдыққа тәрбиелеуге тырысамыз.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21