Былтыр Ресеймен сауда-саттық 2,5 млрд доллардан асқан
Қарағанды облысында ресейлік капиталдың қатысуымен 20-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр өңірдің Ресеймен өзара сауда көлемі 2,5 миллиард доллардан асқан. Мәселен, Орталық Азиядағы жалғыз дайын арматуралық арқан мен мырышталған сым өндіретін «Kaz-metiz» кәсіпорнының он алты жыл ішінде өнім көлемі жылына 5 мыңнан 35 мың тоннаға дейін өскен. Мамандардың айтуынша, қажетті шикізаттың барлығы Ресейден келеді. Ал, дайын өнім ішкі нарықтан бөлек Ресейдегі теміржол шпалдарын өндіретін зауыттарға жеткізіледі. Қалғаны Өзбекстан мен Беларусь елдеріне саудаланады. Бүгінде жалпы тауардың 30 пайызы экспортталады. Алдағы уақытта өнім көлемін 50 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.
Дмитрий Малахов, «Kaz-Metiz» ЖШС басшысы:
Тәуелсіз сарапшылардың зерттеуінше, Орталық Азия елдерінің нарық сыйымдылығы жылына 74 мың тоннаны құрайды. Ал, Ресей нарығы өте үлкен. Біздің өнім жалпы сұраныстың тек бір бөлігін ғана жабады. Ал алдағы уақытта кәсіпорын жұмысын арттыратын боламыз. Себебі, өнім сапасы жоғары, әрі бәсекеге қабілетті.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06