Мұғалімді артық жүктемеден босататын заң мақұлданды
Енді мұғалімдерді өзіне қатысы жоқ жұмыстар мен қоғамдық іс-шараларға тартуға қатаң тыйым салынуы мүмкін. Сенат педагогты артық жүктемеден босататын заңды бүгін екінші оқылымда мақұлдады. Заңнаманың басты жаңалығы – мұғалімдерге құжаттарды қағаз және электронды түрде бірдей жүргізуді міндеттеуге жол берілмейді. Сонымен бірге, заңда көрсетілмеген есеп талап етілсе, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Құжатта білім сапасын арттыру да көзделген. Оқушылардың мектепте ұялы телефонды пайдалану керегін уәкілетті орган арнайы қағидалар арқылы реттейді. Сондай-ақ заңда талантты жастарды қолдау тетігі қарастырылған. Енді WorldSkills сияқты халықаралық байқауларда жеңіске жеткен колледж студенттеріне ҰБТ тапсырмай-ақ университетке түсу құқығы берілмек.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қарап отырған заңдар бірқатар саладағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған. Нақты айтқанда, педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қосымша қорғалуын қамтамасыз етуді көздейді. Білім саласында еліміздің аумағында тіркелген шетелдік жоғарғы оқу орындарының қызметін жетілдіруге арналған нормалар айқындалды. Денсаулық сақтау жүйесінде интернатура арқылы кадр даярлау нысанының ерекшеліктері мен шарттары белгіленді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10