Экологиялық сурет байқауының жеңімпаздары анықталды
Атырауда өңірлік сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды. Дәстүрлі байқауды облыстық экология департаменті 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында ұйымдастырған. Биыл байқауға облыстағы арнайы мектеп-интернаттар, оңалту орталықтары мен балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысып, табиғатты қорғау тақырыбында 40-қа жуық сурет ұсынды. Нәтижесінде 11 оқушы дипломдар мен арнайы сыйлықтарға ие болды.
Асқар Жүсіпов, Атырау облысы бойынша Экология департаментінің басшысы:
Мұнымен дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау мерекелік іс-шарасы аяқталмайды. Алдағы уақытта да бірнеше экологиялық іс-шаралар бар. Сенбіліктер бар, таза аула, таза ауыл сияқты өзіміздің акцияларымызды жалғастырамыз.
Қарағанды қаласында да дәстүрлі сурет байқауының жеңімпаздары анықталды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген сайысқа 30-дан аса қатысушы өз жұмысын ұсынып, үздіктері анықталды. Қатысушылардың арасында мектеп оқушыларымен қатар балалар үйінің тәрбиеленушілері де бар. Сайыс келер жылы да жалғасын таппақ. Ерекше байқау баланың қиялын дамытып, шығармашылық серпін береді, дейді ұйымдастырушылар.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04