Басты Жаңалықтар Мәскеу дипломын Таразда оқып алуға болады

Мәскеу дипломын Таразда оқып алуға болады

Мәскеудегі Менделеев атындағы химия-технологиялық университетінің дипломын Таразда оқып алуға болады. Өйткені Ресейдің іргелі оқу орны 2 жылдан бері Тараз мемлекеттік университетінің базасында маман даярлайды. Есесіне химия ғылымына бет бұрған студенттер қолына қос диплом алып шығады. Оның бірі өңірлік, екіншісі Мәскеу университетінікі болады. Мұнда ғылыми бағытқа басымдық берілгендіктен заманауи 4 зертхана бар. Оқу орны Менделеев университетінің білім беру жүйесіне негізделгендіктен оқытушы құрамының 70%-ы мәскеуліктер. Бүгінде 74 студент оқиды. Ал жаңа оқу жылында мемлекеттік грант алған 50 талапкер қабылданбақ. Олар бірінші курстан бастап зауытта өндірістік тәжірибеден өтеді. Университет келер жылы магистратураны, ал 2029 жылы докторантура ашуды жоспарлап отыр.

Салтанат Телеуова, Д.Менделеев атындағы РХТУ филиалының атқарушы директоры:
Екі білім бағдарламасы бірлесіп, бір білім бағдарламасы жасалған. Біздің студенттер екі диплом алады. Және де олар екі шәкіртақы алады. Бізге Ресей тарапынан семестр сайын мұғалімдер келіп, химия пәні бойынша, физхимия бойынша лабораториялар жүргізіп, практика жүргізіп кетеді.


Бөлісу