Ресей президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды
Ресей Президенті Владимир Путин кеше Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Еліміздің шекарасына енген сәттен Астана әуежайына қонғанға дейін Ресей Президентінің бортына Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары қапталдаса ұшты. Ал, трап алдында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды елорда әуежайында өзі қарсы алды
Владимир Путин мен ресми делегация мүшелеріне екі елдің жалаушаларын ұстаған балалар, Махамбет Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының барабаншылары қошемет көрсетті. Одан кейін Қазақстан мен Ресей туларын желбіреткен тікұшақтар алаң үстімен ұшып өтті. Ал, әуежай терминалында әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының домбырашылар ансамблі және сырнайшы Құрманғазы күйлері мен орыс халық әуендерінен попурри орындады. Бүгін, жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екіжақты құжаттарға қол қойылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы