Бүгін V Еуразиялық экономикалық форум өтеді
Бүгін Астанада V Еуразиялық экономикалық форум өтеді. Қазір форумның сессия отырыстары басталып кетті. Бүгін елорда Еуразиялық экономикалық интеграцияның, цифрландыру мен технологиялық дамудың басты диалог алаңына айналмақ. Биылғы жиынның негізгі тақырыбы да осы - Жаһандық цифрлық дәуірдегі жасанды интеллект мүмкіндіктері. Дәл қазір сессия отырысынан әріптесім Ернұр Медет тікелей эфирге қосылды. Ернұр қайырлы таң! Бүгінгі форумға кімдер қатысады, мән-маңызы қандай?
Қайырлы таң, Қонысбек. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған Еуразиялық экономикалық форум бұған дейін Бішкек, Мәскеу, Ереван және Минск қалаларында өткен болатын. Ал осы жолғы маңызды жиынға Астана төрінен орын беріп отыр. Жаһандық геосаяси жағдайда мемлекеттер арасындағы ашық әңгіме мен өзара түсіністік бұрынғыдан да маңызды. Түрлі мүдде тоғысқан тұста ортақ мәмілеге келуге мүмкіндік көп. Мұндағы бір ғана келісімнің өзі аймақтық тұрақтылық пен экономикалық ықпалдастыққа ықпал етуі әбден мүмкін. Ауқымды жиынға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения елдерінің өкілдерімен қатар, бақылаушы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысып жатыр. Қазір форум алаңында бір уақытта бірнеше панельдік сессия басталып кетті. Мұнда жасанды интеллектіні экономикаға енгізу, цифрлық сауда, логистика, кедендік цифрландыру, энергетикалық интеграция, өнеркәсіп кооперациясы және ортақ цифрлық нарық қалыптастыру мәселелері талқыланады. Біз форум алаңындағы негізгі жаңалықтарды күн бойы назарларыңызда ұстаймыз. Арнадан алыстамаңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы