Ресейлік кәсіпорын өнімділікті арттырды
Павлодар облысында 9 жыл қатарынан жоғары сапалы өнім шығарып келе жатқан ресейлік кәсіпорын бар. «Вектор» серіктестігі қоспалы алюминий өндірісімен айналысады. Нақтырақ айтқанда ақ қалайыдан автомобиль дискілерін жасайды. Күніне бір мың дискі шығарылады. Атап өтерлігі, компания осы өңірде алюминийді өнделген күйінде, яғни таза өнім қылып дайындады. 105 адам тұрақты жұмыс істейді.
Қуаныш Балтабаев, «Вектор-Павлодар» кәсіпорнының директоры:
Өндірістік мүмкіндігіміз жылына 300 мың дискі шығаруға бейімделген. Қазіргі уақытта әр ай сайын 25 мың дискі құйып жатырмыз. Өнімнің 80 пайызы Ресейге, 20 пайызы еліміздің ішкі нарығында қалады. Сұраныс жеткілікті.
Ресейлік зауыт арнайы экономикалық аумақта орналасқан. Сондықтан салық жағынан жеңілдіктер жасалады. Тиімді болғандықтан көрші елдің басқа да кәсіпорындары келіп жатыр.
Жақан Рақышев, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының бас инженері:
Қазіргі таңда 5 мекеме жұмыс жасайды. Қазақстан мен Ресей федерациясының бірлескен мекемелері. Оның ішінде 3 мекеме қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. 2-і салынып жатыр. Оларға салық және кеден жеңілдіктері қарастырылған.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16