Қазақстанның цифрлық шешімдеріне сұраныс жоғары
Қазақстан Орталық Азиядағы цифрлық хабқа айналу үшін үлкен бастамаларды қолға алды. Елде жасанды интеллект пен ІТ бағыттары барлық деңгейдегі оқу бағдарламаларына енгізіліп жатыр. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 90 проценттен астамы онлайн форматта қолжетімді. Сарапшылардың айтуынша, бұл шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттырған. Елімізде өтетін халықаралық форумдар ІТ мамандар мен инвесторларды біріктіретін ірі алаңға айналды. Ресейлік компаниялар мен инвесторлар да Қазақстанның цифрлық шешімдерін өз елдерінде енгізуге қызығушылық танытып отыр.
Нұрсұлтан Ғазизұлы, бағдарламалау мектебінің сеньор-лекторы:
Бізде әрдайым форумдар өтіп жатады. Digital Bridge деген форумдарымыз бар. Жаңағы айтып кеткен джитекс форумы бар. Соның арасында бізге Ресей тарапынан келіп жатқан көптеген инвесторлар келеді. Қазақстанның шығарылып жатқан шешімдерін көріп, соны өзінің мемлекетінде жүзеге асыру үшін соны қарастырып жатыр.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04