Басты Жаңалықтар Құрбан айтпен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Құрбан айтпен құттықтау жеделхаттары келіп жатыр

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айтқа орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Өзбекстан Президенті айт тарихы мен тілі, діні мен дәстүрі ортақ халықтар арасындағы бауырластықты одан әрі нығайта түсетінін атап өткен. Қырғыз басшысы Құрбан айтты рухани тазарудың, қайырымдылық пен ынтымақтастықтың белгісі ретінде сипаттаған. Тәжікстан Президенті аталған мейрамның елдер арасында достықты, тиімді ынтымақтастық пен түсіністікті нығайтудағы маңызына тоқталған. Түрікменстан Президенті сенім мен жанашырлық салтанат құратын қастерлі мереке күллі мұсылман үмбетін біріктіретінін жазған.

Құттықау лебіздерінің легі әлі де толастаған жоқ. Басқа да елдердің басшылары мен ірі ұйымдардың жетекшілерінен хаттар түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорда.


Бөлісу