IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты
Былтыр отандық IT-қызметтер экспорты 1 млрд доллардан асты. Сондай-ақ 1 миллионға жуық адам жасанды интеллект технологияларын меңгерді. Атап айтсақ, оқушылар мен студенттер, мемлекеттік қызметшілер IT бағдарламаларды үйрететін сабақтардан өтті. Мұның бәрі елді цифрлық хабқа айналдыру үшін жасалып отыр. Бұл жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімін 2-3%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 22 трлн доллардан асады. Бұл ретте мемлекеттік қызмет түрлерін автоматтандыруға басымдық берілмек.
Назгүл Бажаева, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің департамент директоры:
Мысал ретінде халыққа қызмет көрсету саласын айтуға болады. Электронды үкіметке AI агент енгізілген. Бүгінгі күні 2,3 млн-ға жуық сұранысы бар жүйе азаматтардың кез келген сұрағына жауап бере алады. Еліміз ЖИ-ға дайындық индексі бойынша 58 орында. Бұл-көшбасшы мемлекеттердің қатарында деген сөз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04