Астанада 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды
Бүгін Астанадағы барлық білім беру ұйымында 1-сыныпқа құжат қабылдау басталды. Құжаттарды мектепке барып та онлайн форматта да тапсыруға болады. Ол үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі өтініш жазу керек. Одан бөлек №065 нысанындағы медициналық анықтама, оқушының денсаулық паспорты мен 3×4 өлшеміндегі 2 фотосурет қажет. Әкімдік өкілдерінің ақпаратынша онлайн қабылдау жүйесі тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар платформада туындаған жекелеген техникалық ақаулар бойынша тиісті техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр, дейді. Айта кетейік, білім беру ұйымында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және осы білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде, ата-ананың өтініші негізінде қабылданады. Құжаттарды апта сайын дүйсенбі мен жұма аралығында тапсыруға болады. Қабылдау 31 тамызда аяқталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы