Басты Жаңалықтар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі рекордтық деңгейге жетті

Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда көлемі рекордтық деңгейге жетті

Мемлекет басшысы бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайту, парламентаралық диалог, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Президент Қытай әрдайым Қазақстанға қолдау көрсетіп келе жатқанын және сол үшін Қытай халқына, оның басшылығына, Төраға Си Цзиньпин мырзаға шынайы алғысымызды білдіреміз, деп атап өтті. Бүгінде екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көлемі рекордтық деңгейге, яғни 49 миллиард долларға жетті. Қытай дәстүрлі түрде Қазақстанның ең ірі инвесторларының тобына кіреді. Елімізге келген құрметті мейман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қытай Төрағасының ыстық ықыласын жеткізіп, қытай-қазақ қатынастары қарқынды дамып, мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестік деңгейіне көтерілгенін айтты. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге үлес қосқаны үшін Чжао Лэцзиді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Бөлісу