Атырау облысында 320 шақырым тасжол жөнделеді
Атырау облысында жол құрылысы қарқын алды. Биыл
өңірдің 51 елді мекенінде 91 жоба жүзеге асып, 320 шақырымға жуық автомобиль
жолы жөнделеді. Әбден тозығы жеткен республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолын қайта жаңғырту басталды. Облыстық маңызы бар Атырау-Индер, Сағыз-Миялы
бағытындағы жолдарға жаңа асфальт төселіп жатыр. Әріптесім Нұрсұлтан Нұрсейіт
толықтырады.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Облыстық маңызы бар Атырау – Индер тас жолында жөндеу жұмыстары созылып, қырылған асфальт сол күйі 2 жылдай жатып қалды. Содан бері жүргізушілер бұл жолмен жүру мүмкін емес, көлігімізден көлік қалмады деп әлеуметтік желіде резонанс тудырған еді. Жауапты мердігер мекеме ауысқан соң жұмыстар сәуірде қайта жанданып, 7 шақырым асфальт төселді.
2024
жылдың шілде айында басталған жол құрылысы екі жылдан соң ғана аяқталды.
Жосықсыз мердігердің орнына жаңасы тағайындалып, жұмыс қайта жанданды.
Нәтижесінде Жарсуат пен Бөдене ауылының ортасына бір айдың ішінде тақтайдай
тегіс жаңа асфальт төселді.
Абат
Аққуатов, мердігер мекеме өкілі:
Енді ары қарай қалып жатқан жолымыз 92-ші бекеттен 13 км жолымыз қалды бұйырса. Жылдың аяғына дейін бітіреміз. Жұмылдырылған жұмысшылар саны 50 адам, 30-40 техникамен жүріп жатыр.
Бұдан бөлек Қызылқоға ауданында Сағыз-Миялы тас жолы да жөнделіп жатыр. 107
шақырым жолдың 10 жыл болмай жатып әбден тозығы жетіп, асфальт жабындысы
бір-бірінен ажырап кеткен еді. Қазір 30 шақырымға жуық аумаққа жаңадан асфальт
төселді. Жалпы жоба құны 15 млрд теңге. Біраз жыл жөндеу көрмеген республикалық
маңызы бар Атырау – Орал тас
жолы да қайта салынады. 190 шақырымды екі бөліп
жөндеу көзделіп отыр.
Әсет
Оразғалиев, облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының
басшысы:
Құрылыс монтаж жұмыстары Аққала ауылынан бері қарай, яғни БҚО шекарасынан бері қарай басталып жатыр. Орташа жөндеу барысында асфальт жабындысы толықтай ауыстырылады. Екі қабаты. Сонымен қатар жолдың негізгі қабаты цемент және стабилизатор дейміз, соны қосу арқылы бекітілетін болады.
Құрманғазы ауданында да халық көптен күткен «7-разъезд – Асан – Азғыр – Балқұдық – Сүйіндік» автомобиль жолының құрылысы басталды. Жол құрылысының сапасын бақылау үшін барлық 91 нысан зертханалық тексерумен қамтылып, техникалық қадағалау талаптары да күшейтілген.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04