Жер қойнауын пайдалануға 729 лицензия берілген
Елде жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы арқылы 729 лицензия берілді. Бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Жәннат Дүбірова жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасын белсенді дамып келе жатқанын айтты. Қазір платформа арқылы 20-дан аса мемлекеттік қызмет көрсету түрі толық автоматтандырылған. Былтыр жер қойнауын пайдаланушылар тарату міндеттемелері бойынша есептің 89 пайызын электронды түрде тапсырған. Алдағы кезеңде министрлік электронды өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, келіп түсетін деректер сапасын арттыруға басымдық беруді жоспарлап отыр.
Жәннат Дүбірова, Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары:
Бүгінде платформа арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсету түрлері автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр. Сонымен қатар электронды аукциондар мен жазылу бонусын онлайн төлеу тетіктері де іске қосылды. Қазіргі уақытта 729 лицензия берілді. Цифрлық формат қағаз құжат айналымын азайтып, қызметтерді жедел алуға мүмкіндік береді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04