Мектеп бітіру кештерін мейрамханаларда өткізуге тыйым салынды
Мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге тыйым салынды. Оқу-ағарту министрлігі бұл талапты алғаш рет арнайы бұйрықпен бекітті. Жұлдыз Сүлейменова 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі 17-18 маусымда тек мектеп қабырғасында өтетінін мәлімдеді. Сонымен қатар ата-аналардан заңсыз қаражат жинауға да шектеу қойылды. Бұл талаптарды бақылауға әкімдіктер мен ішкі істер органдары тартылады. Талаптың күшейгені тегін емес. Себебі соңғы жылдары түлектер кеші артық шығын, даңғаза, бәсекеге айналып барады. Ал бұл жағдайды барлық ата-ананың қалтасы көтере бермейді. Еске салайық, биыл елімізде 4 миллионға жуық оқушы оқу жылын аяқтады. Оның 215 мыңнан астамы түлек.
Жұлдыз Сүлейменова, Оқу-ағарту министрі:
Бүгінгі таңда дәл осындай бұйрық болмады. Не себепті? Бәрімізге бітіру кештерінде балаларымызға тең мүмкіндік қарастыру. Даңғаза осындай бітіру кештерін өткізуге байланысты. Енді әрі қарай құзірет жергілікті атқарушы орган әкімдіктерде және ішкі істер органдарында. Олар өздерінің қабылдаған заңнамасы аясында жүзеге асырады.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17