Әл-Фарабидегі жол апаты: 3 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Алматыда әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты үш қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Күдіктіге мас күйде жол ережесін бұзып, екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелді деген айып тағылған. Іс сотқа жолданды. Алдын ала тыңдау 28 мамыр күні Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Сонымен қатар полиция қызметкеріне қатысты қызметтік әрекетсіздік бабы бойынша іс қозғалды. ІІМ-нің мәліметінше, тергеу аяқталуға жақын. Бұдан бөлек, мемлекеттік нөмірлерді заңсыз беру фактісі бойынша да тергеу жүріп жатыр. Еске сала кетейін, 21 наурыз күні әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes автокөлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам мерт болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы