Теріскейдегі «Айғаным қонысы» музей-қорығы өңірдің сакралды картасына енген қасиетті де қастерлі мекендердің бірі. Ұлы тұлға Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның жұбайы болған ол ел басқару ісіне араласып, дау-дамайларды шешіп, халықты бірлікке шақырған тарихи тұлға ретінде есте қалды. XIX ғасырда салынған кешеннің өзі өртеніп кетсе де, қайта қалпына келтіріліп, өңір тұрғындары мен туристер жиі баратын мәдени нысанға айналды. Бүгін Есіл ауданының оқушылары арнайы келіп, мұражайды аралап, құнды мәліметтер алды.
Алтынай Ожықаева, оқушы:
Мектепте оқығанбыз, енді соны келіп көрдік. Маған, әсіресе, Шоқан Уәлихановтың үстелі ұнады. Қанша уақыт өтсе де, сақталып қалған екен.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ