Астанаға 4 айда 588 млрд теңге инвестиция тартылған
Биыл төрт айда Астанаға 588 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыз жоғары. Мемлекет басшысының қабылдауында болған қала әкімі Жеңіс Қасымбек осындай мәлімет айтты. Өңдеу өнеркәсібі, медицина, білім, логистика - бәрінде өсім бар. Ең көп талқыланған мәселе - Astana LRT. Қазір жеңіл рельсті көлік желісі толық жұмыс істеп тұр. Енді жобаның екінші кезеңі қаралып жатыр. Бұл - кептеліс пен уақыт мәселесін шешуге бағытталған қадам. Соңғы жылдары елордада 44 мектеп салынды. Жаңа оқу жылында тағы 12 мектеп ашылады. Сонымен бірге 2 оқушылар сарайы мен 6 балабақша пайдалануға беріледі. 2028 жылға дейін 2 перинаталдық орталық, көпбейінді аурухана және диагностикалық кешен салынады. Ал биыл Астанада 173 аула мен қоғамдық кеңістік жаңарып, 1,1 миллион түп жасыл желек егіледі. Мемлекет басшысы қала әкімінің жұмысын оң бағалап, тың тапсырмалар берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы