Ақсу ферроқорытпа зауытына ірі айыппұл салынды
Павлодар облысы аумағындағы Ақсу ферроқорытпа зауыты екі жыл қатарынан айыппұл арқалады. Қоршаған ортаға жауапты мекеме, кәсіпорынға «экологиялық талаптарды сақтамады, ауаға лас қалдықтар шығарды» деген айып тағып отыр. Естеріңізге сала кетейік, өндірісті өңірде елдегі топ 50 кәсіпорынның қатарына кіретін 10 зауыт бар. Солардың ішінен Ақсу ферроқорыту зауытынан былтыр экологтардың пәрменімен 800 млн теңге өндірілген болатын. Осы жолы кәсіпорынға 207 млн теңге айыппұл салынды.
Әсет Сыздықов,
Экология департаменті басшысының орынбасары:
854 млн теңге бюджетке өндірілді. Биыл жоспарлы тексеріс кезінде екінші тоқсан бойынша айыппұл салдық. Айыппұл көлемі 207 млн-нан астам шықты. Қазіргі уақытта қаулы шығарылды, бірақ әлі күнге дейін күшіне енген жоқ.
Ақсу ферроқорытпа зауыты экологтардың шешімімен келіспейді. Сондықтан сотқа
жүгінбек. Бізге жазбаша берген жауаптарына қарағанда ауаға лас қалдықтар
амалсыздан шығарылған. Нақтырақ айтқанда6 кәсіпорын иелігіндегі жылу қазандығы Ақсу қаласын жылыту үшін
қосылған. Бұл біздің құзырымыздан тыс, амалсыз жасалды деп отыр. Басқаша
жағдайда моно-қала тұрғындары қыста жылусыз қалуы мүмкін еді дейді.
Бұл ретте жыл басынан бері Экология департаменті 31 кәсіпорынды тексерген.
Олардың бәрінде кемшіліктер анықталды. 16 әкімшілік іс қозғалып, 14 млн 600 мың
теңге айыппұл өндірілді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16