Жанармайды шекара асыратындарға шектеу күшейді
Жамбыл облысында сұйық отынды сыртқа сататындардың әккі әрекеті тиылмай тұр. Сондықтан полиция жанар-жағармайды заңсыз шекара асыратындарға қарсы шектеу шараларын күшейтті.
Жанармай құю станциясында 100 литр бензинді құйған, негізі зауыттың багы 70
литр болу керек. Заңсыз әрекеттерін
жүзеге асыру үшін Қырғызстанға қатынайтын жүргізушілер көліктеріне қосымша
бензин багын орнатып алады. Мұндай қолдан орнатқан құрылғы жол қозғалысына
қауіп төндіріп қана қоймай, көлікті заңсыз пайдалануға жатады. Рейд
барысында заңсыз жабдықтау арқылы жанармай бактерін орнатқан 40-қа жуық
жүргізуші анықталды. Арасында Қырғыз елінің азаматтары да бар. Барлығына
әкімшілік хаттама толтырылды. Ал көліктері қосымша құрылғылары алынғанға дейін
арнайы тұрақта болмақ. Жыл
басынан бері заңсыз тасымалдау бойынша 155 дерек тіркелген.
Әсет Оспанов, Жамбыл облыстық ПД
бастығының орынбасары:
Көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтағаны үшін, сондай-ақ тіркеусіз және құжаттарынсыз қызмет көрсеткені үшін техникалық қызмет станцияларының иелері де әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Көлік құралдарының құрамына енгізілетін кез-келген өзгерістер заңда белгіленген тәртіпке сәйкес міндетті түрде келісіліп және тіркелуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16