Қазақстандық оқушылар халықаралық биология олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды
Қазақстандық оқушылар OIBO-2026 халықаралық биология олимпиадасында 6 медаль жеңіп алды. Ресейде өткен білім додасына әлемнің 17 елінен 100-ден астам жас биолог қатысты. Қазақстан құрамасынан олимпиадаға 6 оқушы барып, барлығы жүлде алды. 2 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль қоржынға салып, 100 пайыз оң нәтиже көрсетті. Оқушылар Назарбаев зияткерлік мектептері мен Білім-инновация лицейлерінің 9-11 сынып тәрбиеленушілері. Қатысушылар молекулалық биология, генетика, биохимия және физиология бағыттары бойынша күрделі тапсырмалар орындап, ботаника, зоология және биоинформатика салаларында зертханалық жұмыстар жүргізді.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16