Басты Жаңалықтар 4 мыңнан астам сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді

4 мыңнан астам сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді

Сондай-ақ, Астанада мерзімді әскери қызметке қабылданған 137 сарбаз да Отанға адал болуға ант етті. Іс-шара «Отан Ана» монументінің жанында өтті. Алдымен әскери қызметшілер мен сала ардагерлері ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ел үшін қаза тапқан батырларға құрмет көрсетті.

Жас сарбаздарды қолдау үшін басшылық құрам, қала тұрғындары, жауынгерлердің ата-ана, туған-туыстары жиналды. Жалпы, көктемгі маусымда әскерге 4 мыңнан астам сарбаз шақырылған. Бүгін бәрі де Қазақстанның әр өңірінде ант беру рәсіміне қатысты. Салтанатты іс-шаралар Тараз, Гвардейск, Жаркент, Абай, Ақтау, Атырау, Бейнеу және Ақтөбе гарнизондарындағы «Оңтүстік», «Шығыс» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының 19 әскери бөлімінде өтті.

Абай Әлібеков, ҚР ҚК Арнайы операциялық күштерінің ерекше мақсаттағы бригадасының командирі, полковник:

Қазір сарбаздарға жеңілдіктер көп. Әскерге шақырылған кезде оқуы тоқтатылады. Кредиттері болса, ол да тоқтатылады. Бітіргеннен кейін ЖОО-на ЕНТ тапсырмай, түсетін мүмкіншілік бар.

Ақмарал Ттөребекқызы, ата-ана:

Балам Сұрағанов Айбол, жасы – 20-да. Ағасының жолын қуып, баламды да жібердік. Үйдегі тәртіптен бөлек, әскери тәртіптің де болғаны дұрыс қой. Ол борышы ер азаматтың. 
Бөлісу