Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарынан әскери ант қабылдау рәсімі өтті
Бүгін Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштері әскери бөлімдеріне қабылданған жас сарбаздардан ант қабылдау рәсімі өтті.
«Айбын» президенттік полкі» әскери қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі Астана қаласында «Отан қорғаушылар» монументі алаңында, ал «Батыр» президенттік полкі сарбаздарының салтанатты шарасы Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында өтті. Сарбаздар бұл қызметке қатаң тәртіппен іріктеліп алынады. Жауынгерлік және арнайы даярлық сабақтарын меңгергеннен кейін, олар Қазақстанның Мемлекеттік Туы мен Елтаңба эталондарын күзету, Президенттің қатысуымен өтетін протоколдық іс-шараларға қатысу, күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді маңызды міндеттерді атқаруға кіріседі.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16