Басты Жаңалықтар ЮНИСЕФ қазақстандық балалардың цифрлық қауіпсіздігіне зерттеу жүргізді

ЮНИСЕФ қазақстандық балалардың цифрлық қауіпсіздігіне зерттеу жүргізді

Юнисеф Қазақстандық балалардың цифрлық ортадағы өміріне зерттеу жүргізді. Елімізде 6 млн 900 мың бала бар. Сауалнамаға мыңнан аса жасөспірім қатысқан. Олардың 21% буллингке ұшырағанын, ал 10%-ы бейтаныс адамдармен интернет арқылы танысып, кездесіп, оны қамқоршысына айтпағанын, 7%-ы қауіпті фото-видео контент алғанын айтқан. Бұл туралы ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі хабарлады. Демек цифрлық дәуір дамыған сайын балалардың цифрлық қауіпсіздігі де негізгі мәселеге айналып отыр. Осыған орай Елордада балалар мен жасөспірімдерді онлайн-қауіп-қатерден қорғау тақырыбында ұлттық конференция өтті. Бүгінде балалар 5-8 жас аралығынан бастап интернетті қолдана бастайды. Сондықтан мұндай қауіптер алдағы уақытта тіпті арта түсуі мүмкін, дейді сарапшылар. Сол себепті осы бағытта мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру қолға алынды.

Құндыз Тұрабай, ЮНИСЕФ-тің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық сарапшысы:

2024 жылдан бастап ЮНИСЕФ Қазақстанмен бірлесіп, балаларды цифрлық ортада қорғау бағдарламасын жүзеге асырып келе жатыр. Біз белгілі министрліктермен бірнеше бағытта жұмыс істейміз. Біз ІІМ бірлесіп, олардың цифрлық криминалистердің біліктілігін арттыру бойынша курс ұйымдастырған болатынбыз. Бұл бір реттік оқыту емес. Шамамен 30 адамның біліктілігін арттырдық.


Бөлісу