Басты Жаңалықтар Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына - 30 жыл

Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына - 30 жыл

Еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына 30 жыл. Осы уақыт ішінде білім ордасы халықаралық деңгейдегі академиялық және ғылыми хабқа айналды. Бүгінде университет білім берумен қатар ғылыми зерттеу жүргізіп, инновациялық жобаларды дамытуға және өндіріс пен бизнестің байланысын нығайтуға басымдық беріп келеді.

Жоғары оқу орны ширек ғасырдан астам ішінде 100 мыңдай маман даярлаған. Қазір мұнда 27 мыңнан астам студент оқиды. Оның 2 мыңға жуығы шетел азаматы. Университет түлектеріне еңбек нарығында сұраныс жоғары. Жұмыспен қамту жағы да жолға қойылған.

Индира Рыстина, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры:

Еуразия ұлттық университетінің түлектері тек Қазақстанда ғана емес, шет мемлекеттерде де жұмыс істеп жүр. Сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері тек қана студенттердің 4 курс бітіріп, диплом алар кезде ғана көтерілмейді. Жұмыспен қамту мәселелерін дұрыстап орынға қою үшін қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің барлық кафедралары үлкен кәсіпорындар мен жеке мекемелермен бірлесіп жұмыс жасап, филиалдар ашып жатыр. Сабақ беру барысы тек қана университет қабырғасында ғана емес осы басқа кәсіпорындарда, филиалдарда да жүріп жатыр.

Жоғары оқу орны халықаралық рейтингте 1500 университеттің ішінен 317 орында тұр. Сонымен қатар еліміздегі халықаралық деңгейдегі үздік бес университеттің қатарына кіреді. Білім ордасының 30 жылдығына орай Лу Бань шеберханасының халықаралық орталығы ашылды. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жоғары білікті техникалық кадрлар даярлауға бағытталған Қазақстан мен Қытайдық бірлескен инновациялық жобасы.

Гүлмира Бекманова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің цифрландыру жөніндегі проректоры:

Лу бань шеберханамыз жасанды интеллектке жасалынған. Осы шеберхана қазір 5 зертханадан тұрады. Лу бань шеберханасының бір ерекшелігі бұл мұнымен аяқталмайды. Өтйкені жыл сайын жаңа жабдықтар келеді. Қазіргі таңда біз жасап жатқан осы жылы гуманоид роботтарды күтіп жатырмыз.

Орталықта студенттер жасанды интеллект, робот техникасы, бағдарламалау және киберқауіпсіздік сияқты заманауи IT-технологияларды меңгеріп, инженерлік дағдыларды үйренеді. Айта кетейік, университеттің 30 жылдығы 1 ай тойланады. Әр күні түрлі форматта іс-шаралар өтеді.

Бөлісу