Қарызы бар азаматтарға жаңа несие рәсімдеу шектеледі
Келесі жылдан бастап бір адамға бірнеше несие рәсімдеу тоқтатылуы мүмкін. Өйткені азаматтардың несие жүктемесі тым артып барады. Сол себепті Ұлттық банк қарыз жүктемесіне бақылауды күшейтпек. Бірінші кредиттік бюро дерегінше, Қазақстанда 8 млн 900 мың адам банктен қарыз алған. Олардың мойнында жалпы 40 миллионға жуық несие тіркелген. Демек, орта есеппен бір адамда 4-5 несие бар.
Жасұлан Сапарұлы, экономист:
Біз түсінеміз енді үй алуға, автокөлік алуға немесе ем алуға алынып жатса, маңызды шаруалармен, бірақ қазіргі кезде күлкілі жағдайларға жетеді. Біреулер соғым аламыз дейді, біреулер той-домалақ жасаймыз дейді, бір қарыз алып екіншісін, бір банктен алып үшіншісін жабады, көп несие бұл алаңдатарлық жайт. Үкіметтің осы мәселені қолға алғаны біз қолдаймыз.
Қазір бөліп төлеу қызметтері де кең таралған. Банктердің тұтынушылық несиесінің төрттен бірі дәл осы – бөліп төлеу. Алайда мамандар «0 пайыз» деген жарнаманың өзі сатып алушыны жаңылыстыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені тауардың құны кейде өсіп қетеді немесе қосымша төлемдер енгізіледі.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04