Астанада скейт алаңы ашылды
Елордада экстремалды спорт түрін сүйетін жасөспірімдер үшін жаңа скейт алаңы ашылды. «Fly park» деп аталатын алаң көбінесе велосипед, самокат, скейтбродты шебер меңгеретіндерге арналған. Онда қандай айла-тәсілдер жасауға болады? Экстремалды спорт алаңын ашуға не түрткі болды? Барлығына бірдей қолжетімді ме? Тілшіміз тарқатсын.
Экстремалды спорт десе барын салатын Мұхаметәли самокатты шебер басқаратындардың
бірі. Әуесқой спортшы үшін сүйікті ісімен айналысуға енді еш кедергі жоқ.
Мұхаметәли Әлібек, Астана тұрғыны:
Мынау менің ең сүйікті самокатым, өзім құрастырдым. Ерекшелігі, үлкен платформа, қолы жеке айналады, платформасы жеке. Мен қазір профессионал про категориясында қатысамын.
Мұхаметәли сияқты бүгінде мыңдаған елордалық экстремалды спортпен кәсіби түрде
шұғылданып жүр. Уақытты тиімді өткізуге әрі физикалық шеберлікті шыңдауға
арналған таптырмас алаң Есіл өзені бойындағы Ататүрік саябағында орнатылды.
Самокаттан бөлек, мұнда велосипедпен түрлі трюк жасауға болады.
Нияз Алшын, студент:
Бұл жай ғана велосипед емес, спорт инвентарь болып саналады. Мысалы рульді айналдырамыз, раманы айналдырамыз, өзіміз де айналамыз мысалы. Міне осылай.
Талғат Рахманберді, Байқоңыр ауданының әкімі:
Біздің елордамыздағы ең экстремалды алаң десем қателеспеймін, себебі осы қаладағы БМХ, скутер мен самокатпен айналысатын екі мыңға жастар бар екен. Тұрақты түрде айналысатындары.
Алаңның ашылуына орай жарыс ұйымдастырылып, оған жақын маңдағы аудан,
қалалардан әуесқой спортшылар келіп қатысты. Әрқайсысы өз категориясында, үздік
айла-тәсілдерін көрсетіп, бақ сынады. Спорт алаңы 6 трюктік элементтен
құралған. Биіктігі 3,5 метрден асатын сырғанау алаңында бір мезетте 25 адам
шеберлігін шындай алады. Мұнда кәсіби спортшылардан бөлек, әуесқойлар да өз
мүмкіндігін сынап көре алады. Тек қауіпсіздік ережесін ұмытпаса болғаны.
Автор
Айжан Иманғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ең үздік киножобалар іріктеліп жатыр
22.05.2026, 17:27
Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына 30 жыл
22.05.2026, 17:25
ТМҰ саммитін өткізуге үлес қосқан қарапайым адамдарға құрмет көрсетілді
22.05.2026, 17:22
Астаналық мәдениет майталмандары марапатталды
22.05.2026, 17:20
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне пәтер сыйлады
22.05.2026, 17:17
Оралда «ЖайықTazaRiver» іс-шарасы ұйымдастырылды
22.05.2026, 17:15
Қостанай облысы мектептерінде «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді
22.05.2026, 17:12
Алматыда көлік қою күрделі мәселеге айналды
22.05.2026, 17:10