ТМҰ саммитін өткізуге үлес қосқан қарапайым адамдарға құрмет көрсетілді
Президент Жарлығымен Түркістан қаласындағы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге үлес қосқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталады. Еңбегі еленгендердің қатарында коммуналдық қызмет еңбеккерлері мен мемлекеттік мекеме жұмысшылары, сондай-ақ түрлі саланың мамандары мен еріктілер бар.
Түркістанда түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді деген хабар жете
салысымен дайындықты алғашқылардың бірі болып коммуналдық сала қызметкерлері
бастады. Шаһардың тазалығы мен көгалдандыруына жауапты мекеме жұмысшылары
уақытпен санаспай еңбек етті. Ағаштарды кесіп, гүл екті. Жол бойын ретке келтірді. Аудандардан жұмысшылар арнайы техникаларымен келіп,
атсалысты. Осы жұмыстарды үйлестірген мамандардың бірі Мадияр Әбдіраев.
Мадияр Әбдіраев, «Түркістан жарық
тазалық» ЖШС директорының орынбасары:
Жұмысшы тобымыз екі аусыммен жұмыс істеді. Біздер енді ұйықтамаған күндер болды. Бір күн, екі күн ұйықтамай жұмыс істедік. Қаламыз осы саммитке дайындаламыз деп әдемі болып гүлденіп, көркейіп, тазарып, күшті болып қалды. Келіп жатқан қонақтарға да, қаланың тұрғындарына даөте бір жайлы, жақсы қала болып тұр.
Саммитте қонақтарды ерекше салтанатпен күту мүзей қызметкерлері мен мәдениет
саласының мамандарына жүктелді. Өйткені көне шаһардың тарихи нысандарын
аралаған мемлекет басшылары бұл
күні Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Түркістанның терең тарихымен танысты.
Көне қолжазбаларды көріп, ерекше эскпонаттарды тамашалады. Жауапты жұмысты
атқарғандардың қатарында Сәттар Ерубаев атындағы әдеби-мәдени музейдің
экскурсоводы Ердос Қонысов та болды.
Ердос Қонысов, С.Ерубаев атындағы
музей қызметкері:
Бүкіл әлемге бірден түсінікті, ұғынықты болуы үшін қазақтың салты-дәстүрі, рухы жайлы ой түйіп қалатындай экспозиция болуы керек деп тұжырдық. Сөйтіп тек бір музейден ғана алмадық экспонатты. Бүкіл осы облыстағы музей, мәдениет үйлері, театрларға дейін қандай осы қызықтың дәстүріне, салтына байланысты заттар бар соның барлығын жинадық.
Жедел жәрдем қызметкерлері үшін де жауапты
күн болды. Бұл күні көршілес Шымкент пен Қызылорда қалаларынан қосымша он
бригада көмекке келді. Аудан-қалалардан білікті дәрігерлер шақыртылды.
Президенттер кортежімен он бригада еріп жүрді. Ал олардың жұмысын облыстық
жедел жәрдем орталығының бекет меңгерушісі Тахир Әбдиев үйлестіріп отырды.
Тахир Әбдиев, Түркістан қалалық
жедел жәрдем бекетінің меңгерушісі:
Қай бригадамыз қай кортеждің арқасынан жүріп отырады, қай қонағымыздың арқасынан жүреді, қай жерде тұру керек. Оларға айтып, картадан көрсетіп, сызба нұсқасын барлығын көрсетіп, түсіндіріп отырдым. Ондай біздің қаламыздың тарихында болмағаннан кейін әр жерден ешқандай кідіріссіз, мінсіз өтуге тырысып, сондай дайындық жүргіздік осында.
Жалпы саммитті өткізуге екі мыңнан аса адам атсалысты. Маңызды жиынды жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан
21 азамат Президент Жарлығымен марапатталады.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада скейт алаңы ашылды
22.05.2026, 17:30
Ең үздік киножобалар іріктеліп жатыр
22.05.2026, 17:27
Еуразия Ұлттық университетінің құрылғанына 30 жыл
22.05.2026, 17:25
Астаналық мәдениет майталмандары марапатталды
22.05.2026, 17:20
Алматыда мәдениет қызметкерлеріне пәтер сыйлады
22.05.2026, 17:17
Оралда «ЖайықTazaRiver» іс-шарасы ұйымдастырылды
22.05.2026, 17:15
Қостанай облысы мектептерінде «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді
22.05.2026, 17:12
Алматыда көлік қою күрделі мәселеге айналды
22.05.2026, 17:10