«Абай елі-өнер кеніші» байқауының жеңімпаздары анықталды
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Семейде «Абай елі – өнер кеніші» облыстық көркемөнерпаздар байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған сайысқа әр ауданнан үздік шыққан өнер ұжымдары мен күміс көмей, жез таңдай әншілер, мың бұралған бишілер қатысып көпшілікті таңдай қақтырды. Бұл – жай ғана байқау емес, Абай елінің өнерге деген құрметі мен руханиятқа деген жанашырлығының көрінісі іспетті-дейді қатысушылар.
Жанат Қайсина, «Қаламқас» ән-би ансамблінің әншісі:
Барлық өнер адамдарын мерекеге орай құттықтағым келіп тұр. Өнердің кең биігінен көріне берсін дегім келеді. 54 жылдық тарихы бар «Қаламқас» ән-би ансамблімен келіп тұрмыз бүгінгі өнер сайысына. Екі айдай дайындалдық осы сайысқа.
Байқау, өңірдің мәдени әлеуетін танытып, көркемөнерпаздарды қолдауды көздейді. Оған қатысқан үздік өнер ұжымдарына жылжымалы сахна, автобус, музыкалық құрылғылар мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Берік Уәли, облыс әкімі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай – «Мәдениет ол ұлттың тірегі. Руханияты мықты елдің болашағы да жарқын болады». Сол себепті мынау бүгінгі біздің өткізіп жатқан, шалғайдағы ауылдағы біздің жерлестеріміздің, соларды үлкен сахнаға алып келу, болағына жол ашу үлкен басты мақсатымыз. Сол үддеден шықтық деп айта аламыз.
Мәдениет пен өнер мерекесі «Руханият – 2026» сыйлығын табыстау рәсімімен жалғасты. Абай облысы әкімінің мәдениет саласына қосқан үлесі үшін берілетін дәстүрлі жүлдесіне биыл 20 аталым бойынша 23 лауреат ие болды. Марапат сахна өнері, режиссура, дәстүрлі ән-күй, би, мәдениет мекемелері бағытында үздік шыққан мамандар мен шығармашылық ұжымдарға берілді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04