Азаматтардың шоты ескертусіз бұғатталмайтын болды
Енді қазақстандықтардың шоты ескертусіз бұғатталмайды. Азаматтарға алдын ала eGov және SMS арқылы хабарлама жіберіледі. Мәжілісте шоттардың бұғатталатыны немесе шетелге шығуға тыйым салынатыны туралы алдын ала міндетті түрде хабар беру тетігі ұсынылды. Қазір көбі мұны тек шоты бұғатталғаннан кейін ғана біліп жатады. Жаңа жүйе пилоттық режимде жұмыс істей бастады. Атқарушылық жазба рәсімделген сәтте борышкерге автоматты түрде SMS-хабарлама жолданады. Нотариустардың жұмысына қатысты заң жобасында жақын туыстарына қызмет көрсетуді шектейтін норма да бар.
Нұрсұлтан Байтілесов, Мәжіліс депутаты:
Заң жобасымен жеке сот орындаушыларымен, микроқаржы ұйымдарымен және өзге де қатысы бар тұлғалармен байланыстылық фактілерін болдырмау үшін қосымша шектеулер белгілеу ұсынылады. Атап айтқанда, жақын тустық немесе өзге де тәуелділік болған жағдайда нотариаттық әрекеттер жасауға тыйым салуды көздейді.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10