Парламентаралық байланыс артып келеді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Қазақстан Парламентінің бір топ депутаты ресми сапармен Ресейге барды. Олар Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен және Федералдық Жиналыс Мемлекеттік Думасының Төрағасы Вячеслав Володинмен кездесті. Мәулен Әшімбаев Валентина Матвиенкомен кездесуде әріптесін Ресей парламентаризмінің 120 жылдығымен құттықтап, екі ел арасында өзара құрмет пен бір-бірінің мүддесін ескеруге негізделген берік әрі тұрақты ынтымақтастық қалыптасқанын атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Бүгінде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас екі ел Президенттері арасындағы достық пен сенімге негізделген байланыстың арқасында жаңа сапаға көтеріліп, тың серпін алды. Осы ретте былтыр қараша айында Қазақстан Президентінің Ресейге жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелі болғанын ерекше атап өткім келеді. Сол кезде Қазақстан мен Ресей арасындағы қатынастарды жан-жақты стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтеру туралы декларацияға қол қойылуы сапардың негізгі нәтижесі болғаны анық. Бұл тарихи құжат Қазақстан-Ресей қарым-қатынасының жүйелі дамуын нақтылап, өзара сенімнің бұрын-соңды болмаған деңгейін және көптеген бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айқын көрсетеді.
Валентина Матвиенко, Ресей Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы:
Біз Қазақстандағы ауқымды жаңғыртуларды назарда ұстап келеміз. Қазақстан Президенті жүргізіп отырған реформалар құрметке лайық. Саяси және экономикалық реформалар өте кәсіби, демократиялық әрі байыпты түрде, ең бастысы, халықпен диалог негізінде жүзеге асырылуда. Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумның нәтижесі Қазақстан халқы Президенттің бағдарын қолдайтынын айқын көрсетті. Сонымен қатар Қазақстанның парламенттік жүйесін ауқымды өзгерістер күтіп тұрғанын да білеміз. Біз жаңа жағдайда да тиімді өзара іс-қимылды сақтауға ниеттіміз және Құрылтайды қалыптастыруға қатысты барлық рәсім аяқталып, оның жұмысы басталғаннан кейін диалогты жалғастырудың жаңа тетіктерін жедел қалыптастырамыз деп сенеміз.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл күшейтілмек
21.05.2026, 20:11
Мобильді аударымдарға жаңа код жүйесі енгізілуі мүмкін
21.05.2026, 20:09
Жеке клиникада көз жұмған әйелдің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
21.05.2026, 20:08
Әлемде баламасы жоқ вакцина
21.05.2026, 20:07
Әскердегі тәртіпті жасанды интеллект бақылайды
21.05.2026, 20:07
Өңірде былтыр 4 млн тонна болат өндірілді
21.05.2026, 20:05
Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан бір топ азамат марапатталды
21.05.2026, 20:05
Мәдениет саласының үздіктері марапатталды
21.05.2026, 20:04