Мәжілісте әскери қызметшілердің құқықтық жағдайын жетілдіретін заң жобасын қаралады
Бүгін Мәжілісте бірқатар маңызды заң жобалары қаралады. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер. Депутаттар қолданысқа 1 шілдеден бастап енгізілетін Салық кодексінің жекелеген нормаларын Конституциялық соттың шешімдері мен қолданыстағы құқықтық талаптарға сәйкестендіру мәселесін талқылайды. Сонымен қатар тағы бірқатар заң жобасы қаралмақ.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Мәжілісте экономикалық және құқықтық бағыттағы бірнеше маңызды заң жобасы қаралып жатыр. Соның ішінде назар аудартқан тақырыптардың бірі – Салық кодексіне енгізілетін үлкен өзгерістер. Алайда бұл жолғы түзетулер жаңа салық реформасына қатысты емес. Депутаттар 1 шілдеден бастап күшіне енетін Салық кодексінің бірқатар нормаларын Конституциялық соттың ұстанымдары мен қолданыстағы құқықтық талаптарға бейімдеу мәселесін қарап жатыр. Яғни, негізгі мақсат – салық заңнамасындағы жекелеген құқықтық қайшылықтарды жою және кодексті конституциялық талаптарға сәйкестендіру. Бұл өзгерістер бизнеске жаңа салық жүктемесін енгізуді көздемейді. Керісінше, құқық қолдану тәжірибесінде туындаған даулы тұстарды нақтылау, салық төлеушілердің құқығын қорғау және әкімшілендіру тетіктерін реттеу мақсаты бар. Сарапшылардың айтуынша, мұндай техникалық-құқықтық түзетулер кейін заңды қолдану кезінде түсінбеушіліктерді азайтуы тиіс. Депутаттар құжатты бірінші оқылымда мақұлдап, шұғыл қабылдану қажеттінін ескере отырып бүгін екінші оқылымда қарайтын болды. Күн тәртібіне қосылды. Сонымен қатар бүгін Мәжілісте машина жасауды дамытуға қатысты түзетулер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістер, сондай-ақ нотариат, әскери қызмет және сайлау жүйесіне қатысты заң жобалары да қаралады. Алдағы шығарылымдарда әр заң бойынша ақпарат жеткіземін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11