Басты Жаңалықтар Саяси жүйедегі өзгерістер: Қос палата 6 заңды мақұлдады

Саяси жүйедегі өзгерістер: Қос палата 6 заңды мақұлдады

Жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін елдегі саяси жүйеге өзгерістер енгізіледі. Қос палата 6 заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Нақтырақ айтсақ, Президент туралы жаңа Конституциялық заң жобасын, Құрылтай мен депутаттардың мәртебесіне қатысты құжаттар қаралды. 1 шілдеде осы заңдар күшіне енсе, еліміздің басқару жүйесінде айтарлықтай өзгеріс болады. Сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кетіп, билік құрамы жаңадан жасақталуы мүмкін. Депутаттар партиялық тізім бойынша 5 жылға сайланады. Бұрын негізгі шешім бір орталыққа тәуелді болса, енді Парламенттің де, қоғамдық институттардың да ықпалы күшеймек. Тағы бір өзгеріс – Құрылтайға ресми саяси статус берілмек. Яғни ол енді жай жиналыс емес, қоғам пікірін билікке жеткізетін нақты механизмге айналады.

Еркін Әбіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Заңды талқылау сатылары азаяды және таза партиялық болғасын оның сапасы да өсуі тиіс. Себебі заңдар партиялық, фракциялық сатыдан өтеді де одан кейін ғана жалпы талқылауға шығады. Партия тізімінен өткендер депутаттар да болашақта кәсіби болады деп ойлаймын.  


 


Бөлісу