Тарихи-мәдени ескерткішті бүлдіргендер іздестірілуде
Маңғыстауда көне тарихи-мәдени ескерткіштің бастапқы келбетін өзгертіп, пластик терезе мен есік орнатып кеткендер іздестіріліп жатыр.
Оқиға Түпқараған ауданы аумағындағы «Қапам ата» жартасты мешітінде болған. Белгісіз білеулер маңызды тарихи нысанға нұқсан келтірген. Былтыр мамандар осы жартасты мешіттің тарихи-мәдени маңыздылығы мен сақталу дәрежесін анықтау мақсатында зерттеу жүргізген еді. Алайда, кейін бұзақылар мешіттің кіребіресін жауып, пластик орнатып кеткені анықталды. Осыған орай аудандық полиция бөлімі құқық бұзушыны іздестіруде. Кінәлілер анықталған жағдайда оған 10-нан 250 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Сонымен бірге ол ескерткішті қалпына келтіруі керек.
Балтабай Балапан, Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының директоры:
Қапамсай жартасты мешіті - қазіргі таңда сараптаманың қорытындысы бойынша маңызды мешіт екені дәлелденді. Жалпы алдағы уақытта оны жергілікті маңыздағы жергілікті тарихи-мәдени ескерткіштердің қатарына қосуға мүдделіміз. СКЛ: Мына орын алған жағдай бойынша құқық бұзушылық бойынша СКЛ: анықтау мақсатында құзырлы органдармен жұмыстар жасалып жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы