Қой шаруашылығына австралиялық технология енгізілмек
Абай облысының шаруалары Австралияның агротехнологиясын қолданып көрмек. Қой шаруашылығын дамытуда алдыңғы қатарлы елге облыстан бірқатар маман мен шаруашылық жетекшісі арнайы барып қайтты. Абай облысы 2030 жылға дейін қой шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруді көздеп отыр. Осы бағытта делегация New South Wales штатындағы ірі фермаларды аралап, экспортқа бағытталған қой өсіру жүйесімен танысты. Қазақстандық мамандар қойды асылдандыру, сапалы жүн өндіру, мал өнімділігін арттыру және халықаралық нарыққа ет экспорттау тәсілдерін көрді. Әсіресе автоматтандырылған жем беру жүйесі, цифрлық бақылау технологиясы мен жайылымды қоршау арқылы мал бағу тәжірибесі фермерлердің қызығушылығын тудырды. Енді австралиялық тәжірибені Абай облысының жайылымдық аймақтарына енгізу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде бірқатар шаруашылық автоматтандырылған бордақылау алаңдарын іске қосуға ниет білдірді. Сонымен қатар асыл тұқымды қой мен ірі қара әкелу бойынша келіссөздер жүргізілді.
Думан Оспанов, облыс әкімінің орынбасары:
Бордақылау алаңдарын дұрыс жолға қою қой бағытындағы. Одан кейін мал базарларында болдық. Біздің биылғы жоспарымызда Австралиялық технологиямен бордақылау алаңдарын құру. Қой, ұсақ малдың барлық саны 1 миллион 300 мыңды құраса, соны алдыңғы үш жылда 2 миллионға дейін жеткізу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы