Инвесторлар құқығы бойынша қазақстандық тәжірибе таныстырылды
Қазақстан инвестициялар үшін қауіпсіз өңір ретіндегі мәртебесін нығайтып келеді. Еліміздің бас прокуратурасы «Ресей – Ислам әлемі: Қазан форумы» экономикалық форумында халықаралық қауымдастыққа инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша қазақстандық тәжірибені таныстырды. Бүгінде Қазақстанда инвестицияларды қорғаудың жаңа моделін қалыптастыру бойынша бірқатар шаралар қолға алынған. Прокурорлар 2 мыңнан астам инвестордың құқығын қорғап, әкімшілік кедергілерді жойып, 270 инвестициялық жобаның іске қосылуын қамтамасыз етті. Бүгінде қазақстандық прокурорлар 36 елден келген шетелдік серіктестің қатысуымен жалпы құны шамамен 200 миллиард АҚШ доллар болатын 3 мыңға жуық инвестициялық жобаны құқықтық тұрғыда сүйемелдеп отыр.
Жандос Өмірәлиев, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары:
Бұл жерде бірнеше инстурмент бар. Оны прокурорлық фильтр дейді. Прокурорлық фильтр дегеніміз кез-келген мемлекеттік органныі инвесторларға қатысты шешімдері прокуратурамен алдын ала келісу арқылы жүзеге асырылады. Басқа мемлекеттен әріптестер біздің жұмысымызға қызығушылық танытып, осы тәжірибені басқа да мемлекеттерде енгізуге өз қызығушылығын танытты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы