Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды
Биыл мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залдары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Елімізде 2025–2026 оқу жылын 4 млнға жуық оқушы аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңы – мектеп бітіруші түлек. Министрліктің мәліметінше, аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады. Сонымен қатар ата-аналардан ақша жинауға, мұғалімдерге сыйлық беруге және түрлі материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. 25 мамыр күні барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, шәкірттердің жетістіктері сараланады. Сондай-ақ жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын кітаптар мен көруге кеңес берілетін фильмдер тізімі таныстырылады. Министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешімі мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы