Басты Жаңалықтар Астанада үздік «Жас сарбаздар» анықталып жатыр

Астанада үздік «Жас сарбаздар» анықталып жатыр

Сыннан сүрінбей өткендер «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама алады. Бүгін шешуші іріктеу басталды. Бұл жасөспірімдердің тәртібі, төзімі мен нағыз ұжымдық рухы сыналатын алаң.
Астанада үздік «Жас сарбаздар» анықталуда. Сыңнан сүрінбей өткендер «Айбын-2026» әскери-патриоттық жастар жиынына жолдама алады. Бүгін шешуші іріктеу басталды. Бұл - жай жарыс емес, жасөспірімдердің тәртіп, төзім және нағыз командалық рух сыналатын алаңы.
130 жас сарбаз.6 команда. Бір ғана мақсат — «Айбын-2026»-ға жолдама алу. Байқоңыр, Сарыарқа, Алматы, Нұра, Есіл және Сарайшық аудандарының үздіктері сапқа тұрды. 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер әскери тәртіп, төзім мен командалық рух бойынша өзара мықтыны анықтайды.
Айдархан Маханбет, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Астана қалалық филиалының төрағасы:

Бүгінгі сайыстарымызда автоматты толық емес бөлмекшеу, белтемірге тартыну, шалқалап жатып, кеудені алдыға қарай көтеру, оқ ату, эскери эстафета, сонымен қатар, арқан тартыс, интелектуалдық конкурс, робота техника, смарт сарбаз сайыстарынан жарыстарымыз өтетін болады.
Марат Нағуманов, Қарулы күштердің ардагерлері РҚБ президиумы төрағасының орынбасары:
Қазіргі бағыт жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу, аманат болып қалған елімізге, осы жастар ие болуы керек.
Жиын барысында жасөспірімдер нағыз әскери өмірдің қыр-сырын сезінді, көрді.
Асылым Тоқыбаева, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысына қатысушы:
Мен өзім 11сынып оқушысы болғандықтан осы саланы таңдадым. Осы салаға түскім келеді. Бұл менің кішкентай кезімнен басты арманым. Менің ойымша әрбір адамның мойнында тұрған жауапкершілігі ол – Біздің Отанымызды қорғау.
Қанағат Аязбеков, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысына қатысушы:
Менің үйренгенім автомат шашып жинау, бөлшектеу Мен 58 мектепте оқимын. Сарыарқа ауданы. Жасым 16 да. Өзімді КНБ, пограничик сондай салада көремін өзімді.
«ЖАС САРБАЗ» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысынан жеңіп шыққан команда «Айбын» халықаралық жарысына жолдама алады. Ол маусымда Шучинск Бурабайда өтеді деп жоспаралнуда. «Айбын» - бүгінгі жастың ертең ел қорғай алатынын дәлелдейтін алаң. Бұл жерде медаль емес, мінез бен рух жеңеді.

Бөлісу