Голан жоталарындағы бітімгерлер елге оралды
Екінші ұлттық бітімгерлік контингенті Сириядағы бітімгерлік миссиясын абыроймен аяқтады.
Дамаск қаласынан ұшып шыққан әскери ұшақ Ақтау әуежайы арқылы Алматыға келіп қонды. Ұшақ бортында Сириядағы бітімгерлік миссиясын абыроймен аяқтап, әскери борышын елден жырақта өтеген 139 жауынгер бар. Оның екеуі әйел адам. Туған топыраққа сағынышпен оралған әскери қызметкерлерді әуежайдан ет жақындары, әріптестері және Қарулы Күштер өкілдері салтанатты түрде қарсы алды. Бір жылдан аса уақыт Голан жоталарында қызмет еткен ұлттық контингент темірдей тәртіптің, кәсібиліктің және табандылықтың ерекше үлгісін көрсеткен. БҰҰ-ның Бақылау күштері құрамында олар бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған маңызды міндеттерді мінсіз орындап, кез келген сын-қатерге дайын екенін дәлелдеді. Қазақстандық бітімгерлердің қызметіне Біріккен Ұлттар Ұйымы миссиясының басшылығы мен халықаралық серіктестер жоғары баға берді. Елден жырақта жүріп, Отан абыройын асқақтатқан әскери қызметшілер жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы жауапты әрі сенімді серіктес екенін тағы бір мәрте айқындады.
Еркебұлан Қадышев, №2 бітімгерлік взводының аға атқышы:
Бітімгершілік миссиясы маған өте үлкен тәжірибе болды. Ол миссияда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге атқарып келдік. Қазіргі таңда бұл миссияда біз Халықаралық дәрежеде өз мемлекетіміздің дәрежесін көтеріп, асқақтатып келдік деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы