Жалған инвестициялық платформаға қатысты іс тергеліп жатыр
Шымкентте инвестициялық платформа ретінде жасырын жұмыс істеп келген қаржы пирамидасына қатысты тергеу жүріп жатыр. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, күдікті әлеуметтік желі арқылы азаматтарға 3–5 күн ішінде 30 пайыздан 50 пайызға дейін табыс уәде еткен. Осы тәсілмен 20 мыңнан 500 мың теңгеге дейін қаражат жинаған. Ал салымшыларға төлем жаңа қатысушылардан түскен ақша есебінен берілгені анықталды. Соның салдарынан 900-ден аса адам тартылып, 700 млн теңгеден аса шығые келтірілген.
Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Жаңа қатысушыларды тарту үшін психологиялық әсер ету тәсілдері қолданылған. Атап айтқанда, «жылдам табыс» туралы уәделер мен уақытпен шектелген ұсыныстар арқылы азаматтар қаржылық тәуекелдерді толық бағаламай, шешім қабылдауға итермеленген. Алайда уәде етілген табысқа кепілдіктер тек ауызша беріліп, нақты кәсіпкерлік қызметпен немесе қандай да бір шарттық міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17