Басты Жаңалықтар Құрылтай депутаттарының әдебіне бақылау күшейтіледі

Құрылтай депутаттарының әдебіне бақылау күшейтіледі

Депутаттардың жауапкершілігі мен әдебіне бақылау күшейтіледі. Жаңа Құрылтай жанынан арнайы әдеп уәкілі институты құрылмақ. Бұл орган депутаттардың мәдениеті мен этикасын жіті қадағалайды. Құжатқа сәйкес, құрылтайдың құрығы да ұзарады. Егер депутаттардың бестен бірі бастама көтерсе, Үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға құқылы. Сонымен бірге жекелеген министрлердің жұмысына да баға беріледі. Бұл мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттырып, қоғам алдындағы ашықтықты күшейтуге бағытталған. Сарапшылардың айтуынша, бір палаталы парламент жүйесі заңдарды жедел қабылдауға мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе әлем елдерінде де бар. Мәселен, Германияның Бундестагы, Данияның фолькетингі, Түркияның Ұлы Ұлттық мәжілісі.
Ғалиасқар Сарыбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Енді қажеттілік бар. Оны себебі бүгінгі күнге дейін мемлекеттік органдарда әдеп уәкілі болды. Барлық мемлекеттік органдарда. Енді қазір депутаттардың да әдебін қарастыру қажет шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар құрылтай біздің Үкіметке өзінің сенімсіздігін білдіре алады. Мысалы, олар заңды орындамаса. мысалы, халық сұрап отырған нәрселер орындалмаса функционалды міндеттері бойынша әрине, сенімсіздік білдіру керек.


Бөлісу