Алтын Орда мұрасы жөніндегі Астана декларациясы қабылданды
Бүгін Алтын Орда мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау мәселелерінде халықаралық ғылыми қауымдастықты біріктіруге бағытталған Астана декларациясы қабылданды. Бұл халықаралық симпозиумның аясында өткізілген шара. Құжат Еуразия және әлем елдерінен ғалымдарды, ұйымдарды біріктірген ауқымды форумның негізгі нәтижелерінің бірі болды.
Декларацияда Алтын Орданың ортағасырлық Еуразиядағы халықаралық сауда, дипломатия, мәдениет, жазба дәстүрі мен этносаралық ықпалдастықтың дамуына зор үлес қосқан бірегей мемлекет болғаны көрсетілген.Симпозиум қатысушылары Қазақстанды Алтын Орда мұрасын зерттейтін жетекші халықаралық орталық деп танып отыр.
Рафиль Асылгужин, Жошы Ұлысын зерделеу ғылыми институтының ғылыми қызметкері:
Қазақстанның елордасы - Астана Жошы ұлысын зерттейтін негізгі орталыққа айналды. Бұл жерде түркілердің тарихын одан әрі қарқынды, одан әрі тереңінен зерттей бастады. Бүгінгі сипозиум соның бір көрінісі. Қаншама мықты ғалымдар келді. Біз талқылап, кей тұста пікіріміз қайшы түсіп жатыр. Міне, сондай талқыдан тарихтың шын бейнесі қалыптасады.Қабылданған құжатта республикалық «Жошы ұлысын зерттеу ғылыми институтының» пәнаралық зерттеулер мен халықаралық ғылыми жобаларды жүзеге асыратын негізгі алаң ретіндегі рөлі де көрсетілген. Шетелдік ғалымдар Алтын Орданың әр қыры туралы талдау материалдарын ұсынып, пікірталас өтіп, баяндамалар оқылып жатыр.
Алтынбек Құмырзақ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Phd докторанты:
Әлемнің 25 елінен келген 100-ге жуық ғалымның баяндамаларынан бағамдағанымыздай бұл алтын орда сол уақытта алып империя болғанын көріп отырмыз. Өйткені, кешегі президенттің баяндамасында да 6 млн шаршы шақырымды құраған Еуразия кеңістігінде саяси-элиталық үстемдік жасаған. сауда-экономикасы дамыған қуатты империя болғанын көріп отырмыз.Астана декларациясының қабылдануы халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми диалогты дамытуға және Алтын Орда мұрасын Еуразия халықтарына ортақ мәдени құндылық ретінде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадам болмақ.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тарихи-мәдени ескерткішті бүлдіргендер іздестірілуде
20.05.2026, 18:48
Астанада Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеуге арналған Қарар қабылданды
20.05.2026, 18:48
Экотуризмге арналған жаңа жобалар іске асады
20.05.2026, 18:47
Былтыр туризм саласына 1,2 млрд теңге инвестиция тартылды
20.05.2026, 18:46
Қой шаруашылығына австралиялық технология енгізілмек
20.05.2026, 18:45
Ақмола облысында 2 мыңнан астам киік өлексесі табылды
20.05.2026, 18:43
Инвесторлар құқығы бойынша қазақстандық тәжірибе таныстырылды
20.05.2026, 18:41
Мектеп бітіру кешін мейрамханада өткізуге тыйым салынды
20.05.2026, 18:41