Алтын Орда Еуразия шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді - сарапшылар
Алтын орда тарихына арналған симпозиумның тарихи әрі саяси маңызы зор. Сарапшылар осылай дейді. Ғалымдардың пікірінше, Ұлық ұлыс - тек Қазақстан емес, тұтас Еуразияның шежіресі. Әлем елдерінің осы мыңжылдыққа татитын мұраға ерекше назар аударып отырғаны да содан. Алтын Ордаға лайықты баға беріп, тарихты түгендесе, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі нығая түседі.
Сайпулла Сапанов , тарих ғылымдарының докторы:
Бұл симпозиумның халықаралық маңызы бар. Себебі бұл жерде тек қана Орта ғасырдағы Алтын орданың тарихы емес, сонымен қатар сол кездегі, қазіргі дипломатиялық қатынастар сабақтастығы, рөлін қарастыру мақсатында жиналып отыр. Тарихи және саяси маңызы өте зор.
Дэвид Мэйнорд, жазушы:
Алтын Орда тарихын кешенді түрде зерттеу – Еуразия елдерінің шежіресін жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мұның жалпы дүниежүзінің тарихында алатын орны ерек. Әсіресе, археологияға, этнографияға тың серпін берері сөзсіз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04