Конституция – елдің болашағын айқындаған құжат
Конституция – елдегі заң мен тәртіптің негізгі тірегі. Ата заң азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, мемлекеттің даму бағытын айқындайды. Соңғы жылдары Конституцияға енгізілген өзгерістер қоғамдағы әділеттілікті нығайтып, халықтың саяси процеске қатысу мүмкіндігін кеңейтті.
Жаңа реформалардың нәтижесі бүгінде түрлі салада көрініс тауып отыр. Соның бірі – Конституциялық соттың құрылуы. Енді азаматтар өз құқықтарының бұзылғанын сезсе, тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады. Бұл халықтың заң алдындағы қорғанысын күшейтті. Сонымен қатар Парламенттің ықпалы артып, азаматтардың құқықтары мен отбасы институтына қатысты нормалар да күшейтілді.
Ақылбек Нұрлин, Заң ғылымдарының кандидаты:
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы кеңейтілді деп айтуға болады. Сондай-ақ отбасы институтының мәртебесі жоғарылады. Мемлекетіміздегі биліктің үш тармағы Парламент, атқарушы билік және сот билігі осылардың арасындағы тепе-теңдік нығайтылды. Мұның барлығы жалпы мемлекетіміздегі халықтың құқықтары мен бостандықтарын кеңінен қорғау үшін.
Конституциялық өзгерістер жергілікті басқару жүйесіне де әсер етті. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау енгізілгелі тұрғындардың өңірдегі мәселелерді шешуге араласуы артқан. Қазір халық жол, су, жарық секілді әлеуметтік мәселелерді ашық көтеріп, мемлекеттік органдармен бірлесіп шешуге мүмкіндік алып отыр.
Мұхтар Батырбеков, саясаттанушы:
Қазіргі күнде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепсиясы аясында азаматтардың күнделікті мәселесін, әлеуметтік, экономикалық мәселесін біріге отырып мемлекеттік басқару жүйесінде соны шешу. Қоғамның барлық сферасын қамтиды. Ол әлеуметтік, білім саласы, медицина, экономика саласы. Әкімшілік салада. Барлығында халықтың қандай ұсынысы бар, мұң мұқтажы бар. Осындай мәселелердің барлығы аталған концепсияны мазмұнды түрде байытады.
Ата заңдағы өзгерістер әлеуметтік салаға да тікелей әсер етті. Құқық пен қауіпсіздік мәселесіне басымдық беріліп, әсіресе балаларды қорғау, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту бағытындағы жұмыстарға мән беріліп отыр. Сонымен бірге елдің дамуы жаңа технологиялар мен цифрландыру үдерісімен қатар жүруі тиіс- дейді қоғам белсенділері.
Аманай Сейітқасымов, қоғам белсендісі:
Енді біздің қоғам басқа елдерден қалмауы керек. Біз интенсивті түрде цифравизация, жасанды интеллект, заманауи технологияларға көшуіміз керек. Осы бастамалар халыққа қызмет етуі керек. Жаңа Ата заңымыз бұл халыққа өте жақын.
Мамандардың айтуынша, Конституциялық реформалар елдегі саяси жүйені жаңғыртып, мемлекеттік басқарудың ашықтығын күшейтуге бағытталған. Ал бұл өзгерістердің басты мақсаты – халық пен билік арасындағы сенімді арттыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы