Басты Жаңалықтар Орталық Азия және Қытай киберқауіпсіздікті күшейтуде күш біріктірмек

Орталық Азия және Қытай киберқауіпсіздікті күшейтуде күш біріктірмек

Киберқылмыс табысы жоғары жаһандық индустрияға айналды. Әсіресе маңызды көлік және сауда бағыттары түйісетін Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары. «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдауы кезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Қоғамдық және экономикалық тыныс-тіршіліктің онлайн кеңістікке ойысуы киберқауіпсіздік мәселесін мүлдем жаңа деңгейге көтерді. Өйткені, ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыс ешқандай шекараға бағынбайды. Тіпті, елдерінің экономикалық ынтымақтастығын нығайту қауіпсіздік мәселесімен тығыз байланысты. Сондықтан өңірлік қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру үшін «Орталық Азия – Қытай» форматының әлеуетін пайдалану қажет, - деді Президент.


Бөлісу